Автокөліктің алдыңғы әйнегінде жарықшақтар мен сызаттарды байқап қалсаңыз оны ауыстыруға асықпаңыз, себебі бұндай зақымдалған жерлерді оңай жөндеп алуға болады. Алайда жөндеу орталықтарын кейінге қалдырып созып жүруге де болмайды, себебі жарықшақтарға кірген шаң мен балшық оны үлкейтіп жіберуі мүмкін. Автокөлік әйнегін жөндеу жұмысы ұқыптылық пен жинақылықты қажет етеді. Сондықтан тек тәжірибелі мамандарға жүгініңіздер.
Автокөлік әйнегіндегі жарықшақты жөндеу
Жарықшақтар жиі түрде, жақын келе жатқан автокөліктердің дөңгелегінің астынан атылып шыққан тастың әйнекке тигенінен пайда болады. Бұл жағдайдың маңыздылығының жоғары болуының себебі, әлсіреген әйнек тез шытынап жүргізуші назарына қолайсыздық тудырады. Кедір-бұдыр жолмен жүрген кезде немесе температураның төмендеуі кезінде қауып-қатер жоғарылайды. Осы себепті аязды немесе ыстық күндері, жол жөндеу жұмыстары жан жақты жүргізілген кездері әйнектерді жөндеу жұмыстарына деген сұраныс артады.
Зақымдалған әйнектерді қалпына келтіру жұмыстары келесі кезеңдерден тұрады:
- зақымдалған жерді майсыздандырылады;
- әйнекті бұрғылау және вакуумдау;
- жарықшақ полимермен толтырылады;
- әйнек түзу қалыпқа дейін жалтыратылады.
Жарықшаққа толтырылатын полимердің ерекше құрамы оның ішкі қуыстарын жақсы желімдейді. Шеберлер әйнектің зақымдалған жерін визуалды бұрмалануын болдырмайтындай етіп ұқыпты жалтыратады. Жаңадан пайда болған жарықшаққа, шаң мен балшық түспей тұрып орындалса, мұндай тәсілдің тиімділігі тіпті жоғарылайды.
Ірі жарықшақты жөндеу жұмысы қалай орындалады
Зақымдалған жердің ортасын абайлап тазаланады. Одан кейін жарықшақ пен жолақтары полимермен толтырылады. Ары қарай ультракүлгін сәулелі шамды қолданып полимерлейді және әйнек беті тегіс болғанға дейін жалтыратады.
Алдыңғы әйнектің сызатын жөндеу
Әйнек шетіне дейін жетпейтін сызатта тесіп өтпейтіндей етіп бұрғылаймыз, кейіннен қуыстарын полимермен толтырамыз. Полимеризацияланғаннан соң артық жерлері алынады. сызат тегістелінеді және жалтыратылады. Арнайы қолданылатын полимердің сәуле сыну коэффиценті автокөлік әйнегімен бірдей болып келеді. Ультракүлгін сәулесінің әсерімен сызаттың шеттері желімденеді.
Сызат пайда болысымен не істеу қажет?
Сызат пайда болған жерге шаң мен батпақ кірмес үшін ең алдымен қолда бар скотчпен жабыстырсаңыз болады. Ол сызаттың өсуін тоқтатады. Скотч желімі сызатқа кірмес үшін скотч астына таза қағаз салыңыз. Есіңізде болсын, жөндеу орталығына ертерек келсеңіз жөндеу жұмыстарының нәтижесі сапалы болады.
Әйнектердегі жарықшақтар мен сызаттарды жөндеу жұмыстары – күрделі процесс. Жөндеуді қажет ететін әрбір ақау өздігінен дара келеді және сауатты әдісті қажет етеді. Біздің шеберлер кез-келген қиындықтарды шеше алады: зақымдалу дәрежесін анықтап, пайда болған ақауларды жөндеу әдістерін таңдайды. Қызмет алдын ала жазылу арқылы көрсетіледі, ал маманмен кеңесу-тегін. Жалпы алғанда әйнек жөндеу жұмыстары 1-1.5 сағаттан аспайды және автокөлік иесінің қатысуыменен жүргізіле береді. Біз жұмыс істеп жатқан сәтте сіз біздің шеберхананың тұтынушы аймағында күте аласыз.