Автокөлік детейлингі саласында орасан зор тәжірибесі бар Max Protect компаниясы АҚШ та ашылды. Мамандарының зейінді жұмыстарының нәтижесінде өмірге тиімділігі жоғары, қазіргі заманғы автокөліктердің күтіміне қажетті өнімдер пайда болды. Бұрындары пайдаланылған ұқсас өнімдермен салыстырғанда Max Protect жаңа өнімдері біршама жоғары нәтижелер көрсетеді.
Өз автокөлігінің қамын ойлаушы әрбір көлік иесі міндетті түрде қажетті күтімді беретін жаңа өнімдермен танысады. Сөз жоқ, көп адамдар нано-керамика туралы естіген шығар, алайда көбісі жақында нарыққа шыққан бұл жаңа өнім туралы біле бермейді. Егер сізді жоғары сапалы нанокерамикалық төсемі қызықтырса, және онымен жақынырақ танысқыңыз келсе, онда Біздің Max Protect өнімдеріне кішігірім экскурсиямызға шақырамыз.
Бұндай нанокерамикалық төсем кәсіпқойларға арналған. Ұқсас өнімдерді ішіндегі ең мықтысы. Ерекше берік, қатаю уақыты тез- өнімнің бұл қасиеттері оны мамандар арасында сүйікті өнім болуына себептесті.
Ultimate nano coat v2
Ultimate nano coat v2 , құрамына сұйық әйнек кіретін ең ұзақ тұратын төсенім. Бұл зат әртүрлі химиялық әсерлерге жақсы төтеп береді (тұз әсері, түрлі жуғыш заттарға, құс қиына, доңғалақ тазалағыш және т.б). Бұл өніммен қорғалған беттер толықтай герметикаланған және май-, батпақ-, және су жұқтырмаушылық көрсеткіштерімен ерекшеленеді.
UNCv2 лак-бояу қабатына таңқаларлық жылтырлық беріп, онымен қоса түрлі химиялық «басқыншыларға» төтеп береді және тырнауға қарсылықты жоғарылатады. Бұл өнімді ауа температурасы 15 градустан төмен жағдайда да пайдалануға болады. Және үй жағдайында өздігіңізден белгілі шеберлік дәрежесі болса пайдалана аласыз.
Жағылған UNCv2 ның қатаю уақыты шамамен 6 сағат құрайды (салыстыратын болсақ: UNCv1 дің қатаю уақыты 48 сағат) Бұндай қасиеті мұнан да қалың қабаттар жасауға мүмкіндік береді.
Нано-Резіңкелі Ultimate nano coat r төсемі
UNC-R, революциялық төсемі, барлық нано төсемдердің «әкесі» деп атауға болады. Химиялық төзімділігі жоғары және ғажайып жылтырлығымен ерекшеленетін. әлемдегі ең бірінші мембраналық төсем.
UNC-R – бұл ұзақ уақыт жарамдылық кепілдігі және қызмет көрсетудегі қарапайымдылық. Жылтыр және күңгірт етіп орындауға болады. Өнімнің бір ерекшелігі, бөлме температурасында қатаюы кезінде ол ерекше мембараналық пленкаға айналады. Мұндай төсем икемділігімен ерекшеленеді және УК сәулелеріне төзімді болып келеді. Көлік жуу кезінде пайда болатын іздерге де төзімді келеді. UNC-R сулы бояудан зиян шекпейді, басқа ұқсас керамикалық өнімдерге қарағанда.
Басқа да нано-керамикалық өнімдері секілді тұрақты төсем қабаты болып келеді, оны тек абразивтерді қолданып кетіруге болады. Тежеуіш шаңы, қышқыл, және де тұз, мотордан шыққан газ т..б сондай секілді заттарға химиялық төзімділігі жоғары болғандықтан өнім жоғары сұранысқа ие. Сонымен қатар UNC-R сызаттар мен жарықшақтардың пайда болуына төтеп береді. Өнімді + 20 градустан Цельсиден жоғары емес (ең қолайлы көрсеткіш +5 пен +15 аралығында) температуралық режимде қолдануға ұсынылған. Егер мұндай жағдай туғызу мүмкін болмаса, мамандар біздің тағы бір өніміміз UNC- R 1.5 ды пайдалануды ұсынады.
Silk coat мәрелік төсемі
Бұл мәрелік төсемнің су ығыстырғыштық қасиеті бар. Оны қолдану өте оңай әрі өте тиімді. Әдетте Silk Coat өнімін Ultimate Nano Coat (v1 және v2) нано төсемін жаққан соң мәрелік төсенім ретінде қолданады.
Алғашында оны нано керамикалық өнімнің қатаюы кезіндегі қорғаушы қабат ретінде қарастырған. Негізінен Silk Coat ты UNC v1мен UNC v2 жағылған автокөліктерді артынша қолайсыз ауа райында пайдалану кезінде қорғаушы қабат ретінде қолданатын.
Уақыт өте келе және ірі көлемді сынақтардан өткеннен соң ол осындай өнімдермен жұмыс істеу кезінде міндетті түрде қолданылатын өнім болды. Silk Coat өнімі жағылған бетінің түсін керемет жылтыр етіп, түс тереңдігін , ал төсемге жағымды жалтырлық береді. Және де ол гидрофобтық қасиетін жоғарылатады. Сондықтан да бұл өнім UNC төсемдерінің барлық түрлерін еш мінсіз қолдап тұрады. Мамандар Silk Coat өнімін жылына кем дегенде екі не төрт рет пайдалануға кеңес береді. Оны Ultimate Nano Coat v1 немесе v2 жағылғаннан кейін үстінен қолданады.
Сонымен бірге автокөлік иелерінің көбісі бұл өнімді бұдан да жиі қолданады, бұдан тек ұтуға болады. Silk Coat ты жағу өте оңай, өзінің қорғау қызметін сол арадан бастап орындайды.
Silk Coat-ты жеке төсем ретінде пайдаланса болады, алайда ең нәтижелі көрсеткіштері UNC (v1, v2, R түрлері) мен бірге қолданыста қол жеткізіледі, яғни автокөліктерді керемет құлпыртып жібереді.
Бетіне Silk Coat жағылған элементтер бүлдіру қиынға түседі. Олар терлемейді, көмескіленбейді, бетінде жолақтар қалмайды. Бұл қара түсті лак боу қабатына да тиесілі. Silk Coat-ты кез-келген беткі қабатқа қолдануға болады. Ол металл элементтеріне, пластик бөлшектерге және әйнекке жақсы жағылады.
Автокөлікті балауызбен өңдеп болғаннан соң, жиі түрде бетіне жеңіл сұрғылт пленка түзіле бастайды. Оны алып тастағанның өзінде ол қайтадан пайда болады. Бұл көптеген автокөлік иелеріне нағыз қиындық туғызады. Silk Coat бұл қиындықты еш қиындықсыз тез арада шеше алады. Беткі қабатына біздің өнімді жаққан соң «сұрғылт жамылғысы» енді қайтып келмейді. Мұнымен бірге, мәрелі өнім беткі қабаттың су жұқтырмайтын қасиетін жоғарылатады, автокөлікке керемет сыртқы келбет беретін жылтырлығын да айта кетпесек болмайды.