• +7 (702) 317-65-56
  • Алматы, мкр Коктөбе, Сағадат Нұрмағамбетов көшесі, 326. (Шығыс айналма жолы бойында)
  • 10:00 ден 19:00 дейін

Автокөліктің алдыңғы әйнегін қорғау

Автокөліктің алдыңғы әйнегін зақымданудан және сызаттардан қорғау, жарықшақ түсіп кетпеуін алдын алу үшін

Көліктің алдыңғы әйнегін қорғаушы clearplex дегеніміз не?

ClearPlex® қорғау пленкасы дегеніміз –  автокөліктің алдыңғы әйнегін қорғау. Бұл ең бірінші және жалғыз  мөлдір, түссіз алдыңғы әйнекті қорғауға арналған пленка.  ClearPlex® қорғау пленкасы келесі артықшылықтарға ие:

ClearPlex® қорғау пленкасы әйнектің қызмет ету мерзімін ұзартады және әйнек ауыстыруға кететін үлкен шығындарды болдыртпай, үнемдеуге мүмкіндік береді. Бұл үлкен панорамалық терезелермен жабдықталған заманауи автобустар мен жүк көліктерінің көпшілігі үшін, сондай-ақ қымбат автокөліктер үшін өте маңызды. Өндіруші кепілдік бергендей, ClearPlex® пленкасы көпіршіктенбейді,  әрқашанда мөлдір болады. ClearPlex® қорғау пленкасы автокөлік  әйнегін күнделікті қолдануда зақымдалудан қорғау үшін арнайы жасалған.

Алдыңғы әйнекке ClearPlex® қорғаныс пленкасын орнату нәтижесінде:

Ультракүлгін сәулелерінен, жарық сәулесі мен жоғары температураға қарсы қорғаныс

ClearPlex® ультракүлгін сәулелердің 99,9% өткізбейді, бұл автокөліктің салонының сұрқы  кетуінен сақтап  қана қоймай, сонымен қатар  шуақты күндері салондағы температураның көтерілуіне жол бермей автокөлік жүргізушісі мен оның жолаушылары үшін ыңғайлы жағдай жасайды.

Автокөліктің алдыңғы әйнегі шанаққа түсуші күштің бір бөлігін көтереді.

Автокөліктің алдыңғы әйнегі оның тұтастығының 20% на жауап береді. Сау алдыңғы әйнек көлік апаты бола қалған жағдайда көлік  шанағының оның ішінде шатырының қатты майысуына   жол бермей, аударылған сәтте  жолаушыларын көлік ішінде ұстап қалады.

Орнату кезінде автокөліктің алдыңғы әйнегінің кез-келген қалпын қабылдайды

Алдыңғы әйнектің түрі мен мөлшеріне қарай пленка орнату жұмыстары  3 сағаттан аспайды. Жұмыс барысында,  пленканы  фенмен қыздырады, ол созылып, нәтижесінде  кез-келген қалыптағы әйнекке орнатуға болады. Осылайша ClearPlex пленкаларын кез-келген мөлшерлі алдыңғы әйнегіне орнатуға болады. Алдыңғы әйнектің максималды биіктігі 180 см аспауы керек. Егер де алып тастау қажет болса ClearPlex пленкалары клей іздерін қалдырмай, еш сызат түсірмей  оп-оңай алынады.

Сынақ

Суретте 120 км/сағ  жылдамдықпен келе  жатқан автокөліктің алдыңғы әйнегіне қиыршық тас тиген. ClearPlex-пен қорғалған әйнекте тек кішігірім 0.5  мм аспайтын із қалды, ал қорғалмаған әйнекте терең ойықтар көрініп тұр. Кейіннен ол  жарықшақ пайда болып,  шытынап немесе сынып кетуі де мүмкін. ClearPlex пленкасының арнайы қабаты автокөлік әйнегін майда сызаттар мен ойықтардан қорғайды, олар сапасы нашар әйнек тазалағыштан да пайда болуы мүмкін.

Жұмыс үлгілері

Біздің ресми серіктестеріміз

clearplex
hexis
letech
madico
maxprotect
stp
sungurd
xpel
porsche

Porsche

audi

Audi

cadillac

Cadillac

infiniti

Infiniti

mazda

Mazda

land_rover

Land Rover

jaguar

Jaguar

bmw

BMW

lexus

Lexus Nur-Sultan