• +7 (702) 317-65-56
  • Алматы, мкр Коктөбе, Сағадат Нұрмағамбетов көшесі, 330. (Шығыс айналма жолы бойында)
  • 10:00 ден 19:00 дейін

Автокөліктің майысқан жерлерін боямай қалпына келтіру

Автокөліктің майысқан бөліктерін жөндеу - бұл күрделі мәселе, осы уақытқа дейін зақымдалған  бөлшегін толығымен ауыстырып немесе бояу жұмыстары арқылы түзетілуі мүмкін еді. Біз қолданатын автокөлік шанағын  түзетудің жаңа технологиялары көп жағдайда майысқан бетті бояусыз қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

Боямай түзетуге болатын шанақ бөліктері

Түзетудің бұл түрін шанақтың  кез-келген металдан жасалған, оның ішінде алюминийден жасалған барлық элементтеріне қолдануға болады. Шанақтың төбесі, артқы және алдыңғы қанаттары, жүк тиеу аймағы, есіктер мен табалдырықтары және басқа да майысқан бөліктері бояусыз түзетіледі.

Шанақтың майысқан жерін боямай жөндеуге болатын жағдайлар

Бояуды қолданбай жөндеу жұмыстарын бастауға мүмкіндік беретін ең басты шарты - зақымдалған жеріндегі  бояу қабатының тұтастығы. Зақымдалған жерінде ойықтар, жырықтар және терең сызаттар болмауы керек. Бояу қабатын қалпына келтіру үшін жылтырату жұмысын қолдануға болады. Егер бояу толығымен зақымдалмаса, оның визуалды тұтастығын қалпына келтіруге болады.

Зақымдалған шанақ элементтерін боямай түзету жұмысының мән-мағынасы

Майысқан жерлерді созып  шығару үшін механикалық, гидравликалық, вакуумдық және оптикалық типтегі арнайы неміс жабдықтары қолданылады. Осы жабдықтардың көмегімен зақымдалған жерлерді түзету  жұмыстары ішкі және сыртқы жағынан әсер ету арқылы іске асырылады. Айта кететін жағдай, дәстүрлі түзету жұмысы, көп жағдайда, жөнделетін бөлігін бөлшектеуді қажет етеді, ал боямай жөндеу әдісінде мұндай қажет емес.

Боямай түзету жұмысының артықшылықтары

Сапалы жүргізілген түзету жұмысы  сіздің автокөлік шанағының түпнұсқалы  бояуын сақтап қалуына мүмкіндік береді. Тіпті тәжірибелі маман көліктің жөнделгенін анықтай алмауы мүмкін. Бұл  автокөліктің одан арғы  пайдаланылуына немесе сатылуына оң әсер етеді.

Жөндеуге кететін шығындар

Майысқан жерді түзеу үшін,  бояу түстерін сәйкестендіру, сондай-ақ оны жылу камерасына орналастыру сияқты қосымша процедураларды орындау қажет емес. Шығын материалдарын сатып алудың да қажеті жоқ. Бұл әдісті қолдану тәжірибесі көрсеткендей, құрғақ түзету әдісін пайдалану кезінде, шығындар  80% дейін үнемделеді.

Қосымша тиімділіктер

Боямай түзету жұмысы  шамамен отыз минут, ары кетсе  екі-үш сағат жүргізіледі. Бұл дегеніміз, автокөлігіңіздің бос тұру уақыты сіз үшін байқалмайды, соның арқасында алдын-ала жоспарлап қойылған сапарларыңызды кейінге қалдырмауыңызға болады.

Біздің ресми серіктестеріміз

clearplex
hexis
fc
madico
maxprotect
dynamat
sungurd
xpel
porsche

Porsche

audi

Audi

cadillac

Cadillac

infiniti

Infiniti

mazda

Mazda

land_rover

Land Rover

jaguar

Jaguar

bmw

BMW

lexus

Lexus Nur-Sultan

This will close in 20 seconds