Қауіпсіздік кешенін кепілді орнату
Автокөлік сатып алысымен, ең алдымен оның қауыпсіздігін ойлаған жөн. Бұл сұрақ әсіресе қазіргі уақытта өткір мәселе болып тұр. Автокөліктерді тонау мен ұрлап әкету саны бірнеше есе өсіп кетті, ал «тәжірибелі» автокөлік ұрылары өз мақсаттарына жету үшін заманауи электронды қондырғыларды пайдалана бастады. Қауіпсіздік мәселесіне келгенде автокөлік өндірушісінің орнатқан бастапқы күзет жүйесіне де сенімділік жоқ, себебі негізгі күзет жүйесі көп жағдайда арнайы бұзып кіруге арналған электронды қондырғылардың алдында дәрменсіз болады.
Автокөлік нарығы жыл сайын жаңа атаулармен толығып отырғанымен көлік ұрлап кету мәселесі әлі күнге дейін өткір проблема болып қала беруде. Көп жағдайда бұл қорғау протоколының жетілмегендігімен және автокөліктерге «ағымдық» жүйе орнатылуымен түсіндіріледі. Мұндай көзқарас алаяқтардың арнайы қондырғыларды пайдаланып соңғы үлгідегі дабыл қағу қондырғыларын еш қиындықсыз залалсыздандыруына зор мүмкіндіктер береді.
Алайда, бұл мәселенің шешімі бар- көлігіңізге кәсіби қорғаныс кешенін арнайы шеберханаларда орнату. Біздің компаниямыз Starline-ның Алматыдағы фирмалық орнату орталығы болып келеді. Біз автокөлігіңізге қорғау кешенін орнатуды және басқа да қосымша қызметтерді ұсынамыз.
Дабыл қағу қондырғысының ең басты қызметі- ұрлап кетудің алдын алу, алаяқтың қылмыс жасауына қиындық тудыру. Күшті дауыс сиренасы маңындағы адамдардың назарын аударады, ал электронды ұрлауға қарсы қондырғы (иммобилайзер) автокөліктің қозғалу қызметін бұғаттайды. Оған қоса, сізге автокөлігіңізге рұқсатсыз кіру туралы хабарлама келіп, ұрлап кетудің алдын алуға мүмкіндік беріледі. Орнатылған GPS пен GPRS модульдер сізге қашақтықтан ұрлаудан қорғау қызметтерін басқаруға және көлігіңіздің орналасқан жерін қадағалауға мүмкіндік береді.
Starline дабыл қағу қондырғысын Алматыда сатып алып, ұрлаудан қорғайтын қызметтерінің толық түрлерін ала аласыз. Ол автокөлігіңіздің қауіпсіздігін қамтамассыз етеді және қашықтықтан басқаруға мүмкіндік береді.
Біздің білікті мамандарымыз Starline дабыл қағу қондырғысын автокөліктің кез-келген түрі мен моделіне орнатады. Көп жылдар бойы нарықта көшбасшы бола отырып, біз қорғау кешенінің сапасына кепілдік береміз және біздің жұмыстарымызды растайтын барлық кажетті сертификаттар береміз.
Қосымша қызмет түрлері мен біздің орындалған жұмыстарымыз бойынша толық ақпаратты біздің компаниямыздың сайтында таныса аласыздар.
Біздің мамандарымыздан кеңес алу үшін келесі телефондарға хабарласыңыздар +7 (775) 755 7222.
Біз сіздерді өз қызмет орталығында көруге қуаныштымыз. Мекен жайымыз: Алматы, мкр Коктөбе, Сағадат Нұрмағамбетов көшесі, 330. (Шығыс айналма жолы бойында).
Есігіміз бәріңізге әрқашан да ашық, жұмыс уақытымыз дүйсенбі - сенбі аралығында 10:00 ден 19:00 дейін.
Тәжірибелі жүргізушілердің көбісі дабыл қағу қондырғысын автокөлікті сатып алысымен орнатуға кеңес береді.Ең алдымен бұл автокөлігіңіздің жағдайымен әрқашан хабардар болу мүмкіндігін береді. Былайша айтқанда «кері байланыс» орнатылып, екі жақты дабыл қағу қондырғысының брелогы сізге автокөлігіңіздің қазіргі жағдайы туралы толық ақпарат беріп отырады. Сонымен бірге, заманауи қорғау жүйелері көлігіңізді қашықтықтан басқаруға мүмкіндік береді, қозғалтқышын қосу, есіктерін бұғаттау және т.б.
Осы істің маманы ғана емес автокөлік жүргізушісі де бола тұрып, автокөлігіңіздің қауыпсіздігі ең маңызды мәселе екенін біз сеніммен мәлімдеме жасаймыз. Әсіресе автокөлік салонынан жаңасын алсаңыздар. Алматыда Starline дабыл қағу қондырғысын сатып алып, екі тәсілмен орнатуға мүмкіндігіңіз бар, біріншісі өзіңіз орнатасыз екіншісі- біздің мамандарымызға сеніп орнату. Біз білікті мамандардың көмегіне жүгінуіңізге кеңес береді, себебі мамандарымыз қондырғының жұмыс істеу принципін жетік біледі және қондырғыны автокөлігіңізге сауатты және сапалы түрде орнатып береді.
Егер Алматы қаласында, Starline дабыл қағу қондырғысын орнатушы сенімді компания іздесеңіз, бізге келіңіздер. Gmask компаниясы Starline брендінің сертификатталған орталығы болып келеді және қорғау кешендерін орнату жұмыстарына кепелдік береді. Біздің сервис орталығының қызметкерлері дабыл қағу қондырғысын автокөліктердің кез-келген түріне орнатуға қажетті біліктілігі мен білімі бар, ол біз көрсететін қызметтердің сапасына кепілдік береді.
Компания сайтында өтінім толтыру немесе телефон арқылы тапсырыс рәсімдеу
Қызығушылық тудырған қорғау қондырғысының моделі және оның қызметтері жайында сапалы кеңес алу
Тауар сатып алудағы төлем түрін анықтау
Starline қорғау кешенін сатып алуды рәсімдеу
Ыңғайлы күні мен уақытын таңдау
Тегін орнату жұмысын жүргізу
Бағдарлама жасақтамасын орнату және біздің мамандармен функционалын баптау.
Кепілдік талонын беру
Енді автокөлік қауіпсіздігі туралы қобалжымасаңыз болады
Алматыдағы Starline фирмалық орнату орталығында жоғары білікті, бұл салада мол тәжірибесі бар мамандар жұмыс істейді. Біздің қызмет орталығына Қазақстанның түкпір-түкпірінен автокөлік жүргізушілері мен автокөлік салонының иелері жиі жүгінеді, ал біз оларға қуана қызмет көрсетудеміз.
STARLINE сертификатталған орталығының сайтында өтінімді тура қазір толтырсаңыз, дабыл қағу қондырғысы істеген кезде бейнежазба құрылғысын іске қосатын қосымша функционалын тегін ала аласыз.
* Ұсыныс тек бейнежазба құрылғысы болған жағдайда ғана жарамды.
Өнімнің жоғары сапалы болуы;
Өзінің сертификатталған орнату орталығының болуы;
Қызмет орталығының ыңғайлы орналасуы;
Сенімді күзетілу аймағы;
Төлемнің кез келген түрлері;
Көп жылдық тәжірибесі бар мамандар;
Қызмет түрлеріне ұзақ мерзімді кепілдік және өнім түрлерінің мол болуы.
+ A93 ке қосымша
+ A96 ға қосымша