• +7 (702) 317-65-56
  • Алматы, мкр Коктөбе, Сағадат Нұрмағамбетов көшесі, 326. (Шығыс айналма жолы бойында)
  • 10:00 ден 19:00 дейін

Автокөлік салонын қорғау

Қорғау, қалпына келтіру және жаңарту

Көп жағдайда көлік иелері автокөлігін қорғауда назары мен уақытының негізгі бөлігін шанағын қорғауға бөліп, ішкі бөлігіне жеткілікті көңіл аудармайды.

Автокөліктің ішкі бөлігіне жеткілікті көңіл бөлмеудің салдарынан, уақыт өте келе майда жайсыздықтар, айта кетсек, майда сызаттар, «өрнектер», жауырлар т.б., ал кей жағдайларда тіпті жарықшақтар мен ірі сызаттар пайда болуы мүмкін.Бұл автокөліктің жалпы техникалық жағдайына жағымсыз әсер етуі мүмкін.

Біз автокөлік салонын қорғау және күтім жасау жұмыстарын жүргізуді дер кезінде қолға алуыңызға кеңес береміз. Бұл шаралардың көмегімен сіз өз автокөлігіңізді мерзімінен бұрын ескіруден қорғайсыз және Сіздің автокөлігіңіз әрқашан да жаңа қалпында сақталады.

Автокөлік салонын қорғаудың ең жақсы тәсілі

Автокөлік салонын қорғаудың ең жақсы тәсілі

Біз автокөлік салонын қорғау, қалпына келтіру және жаңарту жұмыстарына өз қызметімізді ұсынамыз. Автокөлік салонын қорғауда біз, тек әлемдік дәрежедегі өндірушілердің жоғарғы сапалы өнімдерін, Hexis, XPEL, Llumar, пайдаланамыз. Алдын-ала кесілініп алынған үлгілерді пайдалана отырып, зақымдануы мүмкін кез-келген бөлшектің беттік қабатын қорғауға болады- сенсорлы экрандар, карбон қаптамалар, жаңа ендірмелер және т.б.

Таңғажайып мөлдірлік

Таңғажайып мөлдірлік

  • Кристалды мөлдірлік
  • Мүлде байқалмайды.
Пленканың беріктігі өте жоғары

Пленканың беріктігі өте жоғары

  • Соққылардан, сызаттар мен кетіктерден қорғайды.
  • Беттік бөлігінің өздігінен қалпына келу қасиеті.
Жиі пайдаланылатын аймағын сенімді қорғау

Жиі пайдаланылатын аймағын сенімді қорғау

  • Бізден хаттамалы кепілдік беріледі
  • Панелін әрлеу
  • Сенсорлы экрандар
  • Есіктерін әрлеу
  • Консоль

Автөкөлік салонындағы зақымдалуы мүмкін бөлшектерінің беткі қабатын қорғау, қалпына келтіру және жаңарту бойынша қызмет түрлерінің толық желісін пайдаланыңыз. Қалауыңыз бойынша, бетін күңгірттеу немесе жылтырату қажет пе? Онда Сізге Hexis, Xpel, Llumar қорғаныс пленкаларын ұсынамыз. Егер де микробтардан, бактериялардан және басқа да микроорганизмдерден қорғанғыңыз келеді ме? Онда Hexis Purezone – сенсорлы экрандар мен басқару интерфейстерін қорғауда ең дұрыс шешім.

Сіз барлығы қорғалды деп ойлайсыз ба?

Біз автокөлік салоны бөліктерінің беткі қабатын қорғау шекарасын бұрынғыдан да кеңейттік. Жиі пайдаланылатын аймақтардың тозуын мүмкіндігінше азайтыңыз. Қолданылатын Hexis Bodyfence X, Llumar, Xpel қорғаныс пленкаларын, арнайы кесіліп алынған үлгілерін пайдалана отырып кез-келген түрде әрленген салонға қаз-қалпында орната аламыз. Сонымен бірге орнатылған қорғаныс пленкалары көзге көрінбейді. Керемет жылтырлық, жалама сатин немесе микробқа қарсы беткі қабат қажет пе – Біз БӘРІН қорғауға дайынбыз!

Жеті күн,тәулік бойы еш демалыссыз істейтін қорғаныс

Қиыршық тастан қорғаушы Hexis Bodyfence X, Llumar, Xpel пленкалары беткі қабатты сызаттардан, ластанудан және шаңнан жақсы қорғап қана қоймай, сонымен бірге ұзақ мерзімді және тұрақты қорғауды қамтамасыз етеді.

Беткі қабатын қорғайды

Сызаттардан

Шаң мен кірден

Микробтар мен бактериялардан

Біздің ресми серіктестеріміз

clearplex
hexis
letech
madico
maxprotect
stp
sungurd
xpel
porsche

Porsche

audi

Audi

cadillac

Cadillac

infiniti

Infiniti

mazda

Mazda

land_rover

Land Rover

jaguar

Jaguar

bmw

BMW

lexus

Lexus Nur-Sultan