
Не үшін шудан оқшаулау қажет?
Шудан оқшаулау – деп, арнайы материалдарды пайдалана отырып салон ішіне кіретін шуды максималды азайту процессін айтады. Мұнда материалдар ретінде – Изотон, Бипласт, Black Ton пайдаланылады. Мысалы Изотон-бұл пенополиуританнан жасалынатын дыбыс сіңіргіш материал. Оның өздігінен желімделетін қабаты бар 1 см және 1.5 см болатын түрлері болады. Оны беделі бар, арзан әрі сапалы материал шығаратын STP компаниясы шығарады.
Шудан оқшаулау қызметіне тапсырыс берген автокөлік иесі алатын артықшылықтар:
- Көлікті жүргізудегі жайлылық, тысқары дыбыстар салон ішіне кірмейді;
- Доңғалақтардан шығатын тұрақты және бірқалыпты дыбыс, шұңқырлар мен ойлы-қырлы жолдарды өткенде еселеп шығатын дыбыстар автокөлік жүргізу кезінде мазаламайды;
- Әйнек сыртындағы қарсы келген жел ысқырығы естілмейді және жүйкеге әсер етпейді;
- Жүргізушіні мазалайтын қатты гуілден қорықпай, жылдамдықты өсіре беруге болады;
- Амортизация жүйесі мен қозғалтқыш жұмысының дауысы естілмейді (көлік ішінде отырған жүргізуші мен жолаушылар естімейді);
- Қосымша коррозияға қарсы корғаныс.
Шуды оқшаулау жұмыстарына тапсырыс беру арқылы бүткіл металл бөліктерін коррозиядан қорғауға арналған қоспалармен өңдеу жұмыстарын жасатпасаңыз болады.
Бұл қалай жасалады?
STP компаниясы автокөлік салонын шудан оқшаулау жұмыстарын сапалы жасауға қажетті материалдардың бірнеше түрлерін ұсынады. Бұлар Изотон, Бипласт және Black Ton. Мысалы, Изотон иілгіш келетін алайда берік біртекті табақ түрінде болады. Қалыңдығы 1 см не 1.5 см болады. Ол бірнеше қабаттан құралған, металданған пленка, полиуретан, желім қабаты және антиадгезиялық қабаттары. Жұмыс бастамас бұрын келесі шарттарды міндетті түрде сақтау қажет, ол жабыстырылатын беткі қабаттың бедерінің қиындығына қарамай оны тазарту және кептіру. Табиғи тазарту қоспаларын пайдалануға болады, ал құрамында сілтілі тазарту қоспаларды пайдалануды тәжірибелі мамандар құптамайды.
Антиадгезиалық пленка орнату жұмыстары алдында материалдан алынып, артынша бүкіл қабатын бетке жабыстырады. Алдын ала өлшемдерін жоғарғы дәлдікпен есептеп аламыз, элементтердің мөлшерлерін анықтап, дайындалған материалды үнемді түрде (бірақ сапасына зиянын тигізбей) бөлеміз. Маман материалды беткі қабатқа тақап қыстырады, осылайша автокөлік салонын шудан оқшаулау жұмысын жүргізеді. Ауа көпіршіктері, қатпарлар, кедір-бұдыр жерлері болмауы тиіс.
Неліктен біз?
Бізге хабарласу өте тиімді, себебі біз төменгі бағалар , жоғары сапалы жұмыс, заманауи технологияларды және STP компаниясының сапалы материалдарын қолданамыз.
Біз жұмыстардың өте сапалы болатындығына және тапсырыстың қысқа мерзімде орындалатынына кепілділік береміз. Сіз көп күтіп қалмайсыз, себебі автокөлігіңіздегі кәсіби монтаждауды Біздің тәжірибелі мамандар атқарады. Шудан оқшаулау – ептілікті және бұл салада жеткілікті жұмыс тәжірибесі бар маманды қажет ететін оңай емес жұмыс.
Біз өз ісімізге байсалдылықпен қараймыз, сондықтан жұмысымыз нәтижелі шығатынына кепілдік береміз. Шудан оқшаулау жұмыстары ұзақ мерзім бойы сақталып, автокөлік ішіндегі артық шу мәселесін біржолата шешеді.